Қайрымдылық кеші болып өтті

Қазақ әрқашанда ауызбіршілікті ту етіп ұстанған. Қиын-қыстау кезеңде «бір адамның баласындай» жұмыла білген. Ауқымды әлеуметтік істерді жұмыла көтерген-ді. Өткен Сенбіде астанамыз Улаанбаатар төрінде қаракөз Тәттімбекқызы Арай қарындасымызға арналған қайырымдылық кеші болып өтті. Бұл шараға Моңғолияның рок-поп жұлдыздары Сарантуяа, Батсүх, Номин талст және Амина, Цогоо, Айгүл қатарлы жұлдыздар қатысып, жиылған жұртқа өз әндерін арнады. 1000 ға жуық көрермен қауым қатысты. Арай қарындасымызға қол ұшын берген барлық азаматтарға, және кешке жиналған көпшілік қауымға Алла разы болсын айтамыз!

Ал, Улаанбаатар қаласында ауқымды іс атқарып жүретін кейбір беделді де мәнсапты азаматтар бұл шараны елемеді!. Қазақ азаматтарын басын біріктіріп, олардың құқығын қорғаушы белгілі ұйымдар атап өтсек Улаанбаатардағы Баян-Өлгий аймағының Жерлестер алқасы мүшелері қолымыз босамайды деген сылтаумен кішкентай Арайға көмек қолын созудан бас тартса, қазақ әйелдерінің «Арулар» одағы 8 –мартқа дайындалып жатқандықтан Арайға рухани және қаржылай қолдау көрсетуге келмеді. Және тағы басқа белгілі ұйымдардың төрағалары мен төрайымдарының қарасын көре алмадық.

Біз басқаға келгенде көлдейміз, өзімізге келгенде шөлдейміз-ғой. Өзімізге сын көзбен қарасақ ұлтым, қазағым деп жар салатын азаматтардың шынайы бет-пердесі осы.

Іс шарадан кірген кіріс және қазірге дейін жиналған қаражат жайлы таныстырсақ.



Баян-Өлгий аймағы Әкімінің Іс басқару орыны жұмысшылары атынан 363,333 төг

МҰҚ мүшесі Бакей Ағыпарұлы 500,000

NATIONAL CHIMICAL LLC 2,000,000

NATIONAL CHIMICAL LLC жұмысшылары атынан 1,000,000

"Моңғолия Қазақ Жастар Одағы" басқармалары және жанұялары атынан 1,000,000

Тәттімбек студент достары атынан 500,000

Монгол Алтай Принтинг ЖШС бастығы Мергенбай 500,000,

Дархан Уул аймағы Хонгор сумыны Сайлау жанұясы мен 500,000,

Шампан жанұясы атынан 300,000,

Жамила балалары атынан 200,000

Үндэсний хонжворт сугалаа 200,000

Толгойт Омар мешіті 120,000

Айжаргүл студент достары атынан 100,000

Ж.Айдос МҰҚ мүшесінің көмекшісі 100,000

Қ.Марат МҰҚ мүшесінің көмекшісі 50,000

Ерік 100$

Сәкен 100 $

Қуат 50,000

Амандық достары атынан 60,000

Жанарбек жанұясы атынан 30,000

Еркегүл 10,000

Налайхандағы Сәуле 50,000

Арай қарындасымыздың ота жасату үшінгі қаржысына әліде 42,000,000 төгрөг қажет. Құрметті оқырман 150-850 номеріне SMS жолдаңыз. Әзірге 150-850 номеріне 1600 SMS келіп түсті. SMS жолдау уақыты 2013.02.14 күніне дейін жалғасады.



Әлі де, Арай қарындасымызға қол ұшын беретін адамдар табылатынына үмітіміз зор.
Эх сурвалж: KAZNEWS

Манай сайт танд таалагдаж байвал LIKE хийгээрэй. Танд баярлалаа.
Сэтгэгдэл үлдээх:

 
back to top