Кәкей Жаңжұңұлы
Ж.Кәкей 1946 жылы Бұлғында туып 1964 жылы Өлгейде он жылдық мектеп 1971жылы Алматыда мүғалімдер институт бітірген.
- 1964-1967 жылдарда мұғалім ,
- 1971-1981 жылдарда оқу бөлімінің инспекторы,
- 1982 жылдан Монголия жазушылар одағының аймақтық бөлімшесінің бастығы,
- Шұғыла журналының бас сарапшысы,
- 1991 жылдан маман жазушы
- 1992 жылдан медресе мүдірі, Шарапат газетінің бас сарапшысы болып қызметтеді.
Алғашқы өлеңі 1963 жылы Дэлүндегі мектептің қабырға газетіне жарияланғаннан бастап қаламы қолынан түспеген ақынның 1959 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы – «Жауқазын» жарық көреді. Ж . Кәкей 1963 жылдан әдебиетпен әуестенген.1983 жылдан Монголия жазушылар одағының мүшесі . «Жауқазын» «Маусым,» « Жебе» «Қош көктем», монгол тілінде «Яргуй дэлгэрэх цагаар» «Диваажинд заларахын нууц» поэзиялық жинақтарын шығарды. Ж.Кәкей Ақыт хажының рухын қастерлеп оны насихаттау, зерттеуде көп еңбек етті.
Ақыт Үлімжіұлының шығармаларын комунизімнің қақарлы жылдарының өзінде ұзақ жылдары партияға білдірпей жасырын ел арасынан өлеңдерін жыйнақтап жүріп «Қажыбаян» «Ахиретбаянын»жарыққа шығарды.Қазақстан,Туркия, Қытайдағы қазақ қаламгерлерге Ақыт шығармаларын жаңғырту жайлы хаттар жолдап, әлем қазақтарына Ақыт тану әлеміне батыл бастама бола білді.
Сонымен бірге Баян-Өлгий қазақтарның ішіннен дарынды таланты ақындардың басын қосып мұрагер өнер тобын құрды.Ақындарды жаңа заман жаңа талапқа сай тәрбиелеп баулыды.Қазақ елі алғаш егемендік алысымен өзі өнерге баулыған ақындарын бастап барып жыр сайысына қатыстарғаныда дүйім елі ұмыта қойғанда жоқ.тіпті ресейгеде әсіресе Қос-Ағаштық қандастарға ақындарын ертіп барып талай жыр сайысын өткізгені де Ақынның боданшылдыққа қарсы жанталасқан ұлтжандылығы да жағдайды ерте бағымдап терең ойлайтынын,заманға сай ұлт жанды зеректігін байқаймыз.
Елі үшін жарғақ құлағы жастыққа тимеген абзал жанның ұлтым деген жан айқайын әр істерінен көресің.
Ж. Кәкей Еңбек құрметі және мерекелік медальдармен сыйланды.Жыр кубогын ,таңдаулы әңгімелер бәйгесін жеңіп алды. «Қош көктем» кітабына 1992жылы Б.Ақтан атындағы сыйлық берілді. Ақынның шығар биігі алда еді. Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызының бірі, талантты ақын Кәкей Жаңжұңұлы 1993жылы 23 көкекте болжаусыз қазаға ұшырады.
Кәкей бала жастан ақ өз ұлтын сүйе білді қазағым деп өлең жазып қана қоймай бар ғұмырын өз ұлтының ұлттық құндылықтарына арнады.Ең сонғы ісі Ұланбатарға қуран оқу әліпесі мен тажуйд ілімін қазақ тілінде аударып жазып,соны бастыруға барған еді. Сондағы арап тілін білетін ағалары әліпені әліде жетілдіріп Өлгей қазақтарының діни аңыз әңгімелерін қосыңыз деген пікірлері құптап өлгейге келіп ақсақалдармен кеңесіп әлпені толықтырмаққа Ұланбатырдан шыққан ұшақ Өлгийге жете алмай алтайдың асқар шыңдарына соғылған.Ұшақта
Өзі айтпақшы -Тау ұлымын тауда өсітім тауда өлемін -деп кете барды.
Ақының болжаусыз қазаға ұшырауы халқының қабырғасын қайыстырған ауыр қасірет болды.Ақын қабірі қазір Баян-Өлгей аймағының орталығындағы Алтын бесік қабірстанында.
Өлгейліктер Кәкейдің өзі сабақ беріп өзі алғаш орнатқан медресесін «Кәкей атандағы медіресе» деп атын берсе .
Өзі туып өскен Бұлғындағы орта мектеп Кәкей атымен аталады.
Қарымды қаламгер ,біртуар талантты ақын халық ағартушысы адал да әділ мейрімді ,ары таза, тынымсыз еңбеккер жан-жақты білімді азамат Кәкейдің асыл бейнесі халқының жүрегінде мәңгі сақталады. Кәкей өлген жоқ енді мәнгілік ұрпақтар санасында ақын Кәкей тану басталады.