Танымасаң танып ал мен Қазақпын,
Жағам жайлау, көңілім кең Қазақпын.
Ұлысым бай іргелі ел Қазақпын,
Ырысым сай нүр жері кең Қазақпын.
Мен емеспін кешегі өшкен Қазақ,
Құба жонда тентіреп көшкен Қазақ.
Мен боламын қойнауға қой қаптатып,
Қала салып, білім алып өскен Қазақ.
Қазақпын, тегің кім деп тектемеген,
Ере келген иткеде кет демеген.
Пейілі түссе бір атын түсіп беріп,
Бір атын насыбайға өкпелеген.
Қазақпын, түнемеген төріне түн,
Бар сыры домбырада төгілетін.
Аңқылдаған ақ көңіл ел боламын,
Аузын ашса жүрегі көрінетін.
Қазақпын, қаз мойны ойнақтаған,
Ойда баққан бір өңкей қой бақпаған.
Ер елдігім ешкімді жатсынбаған,
Тереңдігім ешкімді бойлатпаған.
Қобыланды Қазақпын батыр елмін,
Қозыбаян Қазақпын тату елмін.
Қожанасыр Қазақпын аңқау елмін,
Абай туған Қазақпын ақын елмін.
Манай сайт танд таалагдаж байвал LIKE хийгээрэй. Танд баярлалаа.
Сэтгэгдэл үлдээх: