Егеухан Мұқамәдиқызы - Бұлғын сылдыр қақанда

(Кәкей Жаңжұңұлына)
«Ұлтышылсың» деп ұлдарға ой салғанда,
Жалын жүрек ешкімнен тайсалған ба?
Өзімшіл кей жандардан қаймықпастан,
Сен елдің «Қазақ тегін» айта алғанда.
Сен едің өз ойыңды  нық тұратын,
Жауыңды жалғыз сөзбен бұқтыратын.
«Маусымда» мамыржай масайрасаң,
Жек көргенді «Жебемен» ықтыратын.
Маужырап жұлдыз күліп айлы аспаның,
Оқушыңа әр қилы ой тастадың.
Жалынды жырға арқау ғып дін-салтыңды,
«Қош көктем» деп ертерек қоштасқаның.
«Өзгенің болмай ешбір ісіменен,
-Ата-жұртқа аманат,түсіңе енем.
Құлыныңмын құлындай қырда өскен,
Естисіңбе даусымды кісінеген?»
Деп Армандап ата-жұрт қандасыңды,
Халқыңменен қауышып жалғасуды.
Өзек талып өкініш өрши түсті,
Өрлемей өгіз өліп,арба сынды.
Ісің үлкен,ілтипат кішілігің,
Өзгеден бөлек еді кісілінің,
«Егеш апай»- дейтуғын қайран Кәкей,
Ойсырап тұр Өлгейдің іші бүгін.
Ашылып тарихтың бір парағы,
Өмір дастан әйгілі жол торабы.
Жыр-дастаның жол тартқан көп көңілге ,
«Бұлғын сылдыр қаққанда» еске алады.
1993 Өлгий

Манай сайт танд таалагдаж байвал LIKE хийгээрэй. Танд баярлалаа.
Сэтгэгдэл үлдээх:

 
back to top