МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ

Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі – оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

         Жаңартушы Үкімет еліміздің білім беру саласына баса мен беріп, «білімді де білікті Моңғолия азаматын» қалыптастыруды ерекше назарға алып отыр. Мемлекеттің ұстанып отырған сасатын Баян-Өлгийде де жүзеге асыру мақсатында аймақ әкімінің 2013-2016 жылдарға арналған іс бағдарламасында біршама мәселелер айқын көрсетілді. Алға қойылған осы мақсаттардың жүзеге асыуына МҰҚ, Үкімет тарапынан қолдау жасалып, ат салысатын боламыз. Білім саласының дамуы мемлекет өркенінінің, жарқын болашақтың кепілі болмақ. Сондықтан да, бүлдіршіндер мен жастардың білімін көтеру, ұстаздардың біліктілігін арттыру, әлеуметтік жағдайын жақсарту, табысын молайту ісі – мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналды. Алдағы уақыттарда да осы мәселелер күн тәртібінен түспек емес.

Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.

         Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Аймағымыздың, еліміздің жаһандық даму көшінен қалмай, замана үдерістерімен ілесуі ұстаздар еңбегімен тығыз байланысты. Олай болса білім саласына көңіл бөлу, оны қолдау – болашақты ойлау екені сөзсіз.
Сондықтан да саналы ұрпақ санасына сапалы білім дәнін сеуіп жүрген барлық ұстаздар қауымын және осы салада көптеген жылдар жемісті еңбек еткен ардагер ата-апаларымызды «Ұстаздар мерекесімен» қызу құттықтап, алдағы қызметтерінен табыс, отбасыларына амандық тілеймін. Ұлт ұрпағын тәрбиелеу ісіне қосып жатқан істеріңізбен көрсетіп жатқан үлгі-өнегелеріңізге, танытқан қажыр-қайраттарыңызға алла разы болсын, сіздерге халық көпшілік атынан зор алғыс айтамын.


Құрметпен,

МҰҚ мүшесі, МҚТК-нің бастығы, Ұланбатырдағы Баян-Өлгий аймағының
Жерлестер алқасының Төрағасы Бәкей Ағыпарұлы


Манай сайт танд таалагдаж байвал LIKE хийгээрэй. Танд баярлалаа.
Сэтгэгдэл үлдээх:

 
back to top