Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған қазіргі таңда жаһандық өркениеттен қалыс қалмаудың жолы – күнделікті ақпарат алу. Бұл күндері ұлттық аймағымызда жасөспірімдерге арналған тұрақты баспаның жарық көрмеуі оларға білім мен тәрбиенің өз дәрежесінде берілмеуіне белгілі дәрежеде әсер етіп келеді.
Бүгін міне, аз да болса осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында “Білім” газеті жарық көріп отыр. Ұстаздар мен оқушыларға, ата-аналарға арналған танымдық газетінің алдағы уақытта тұрақты жарық көріп тұруына оқырмандар, сіздер де ат салысып, мақала жариялау, газет тапсыру, ұсыныс пікір білдіру ісіне үлестеріңізді қоссаңыздар деген тілегіміз бар. Білім газеті шығармашылықпен айналысатын оқушылар, ұстаздар үшін әрдайым ашық.
Білім газетіне жазылу бағасы 1 жылға 5000 төгрөг. Сатылым бағасы 600 төгрөг. Қызықтаушы оқырмандар 95426511, 99675109 телефондарына хабарласа аласыздар.
Білім газетінің редакциясы
Манай сайт танд таалагдаж байвал LIKE хийгээрэй. Танд баярлалаа.
Сэтгэгдэл үлдээх: